5-11 желтоқсан аралығында Беняш орталау мектебінде жыл сайын желтоқсан айының басында өткізілетін және балаларда бағдарламалау дағдыларын дамытуға бағытталған 9 желтоқсан күні 5 сынып оқушыларымен «Код сағаты» аты ерекше информатика сабағы өтті.. "Код сағаты" - балаларға арналған қызықты және есте қаларлық сабақ. Бұл сабақ 3-9 сынып оқушылары информатика сабағы кезінде информатика пәнінің мұғалімі Саткенов Аслан Толегенович өткізді. Бұл сабақ өз тағдырын IT-индустриямен байланыстыруды жоспарлап отырғандар үшін бағдарламалау дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар оқытуда заманауи интерактивті технологияларды қолдануға бағытталған. Мұның бәрі оқушыларға мектеп информатикасы қызықты және қызықты пән болуы мүмкін екенін көрсетуге арналған.
Сабақ барысында оқушылар электрондық кесте арқылы әріптердің мекен жайын тауып, сөздерді құрастырды. Олар компьютер бөліктерінің атауларын бөлшектеп, кодттар бойынша сөздерді қалпына келтірді.
"Халықаралық "Қазақ тілі"қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы "Ұлттық Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектеп оқушылары арасында "Мен қазақша сөйлеймін"акциясында қазақша сөйлеу номинациясы бойынша Беняш орталау мектебінің 9 сынып оқушысы Хамзенов Нұрдаулет Қалқаманұлы мен 8 сынып оқушысы Орынбасар Перизат Талғатқызы алғыс хатпен марапатталып қосымша сертификат табысталды.
09.12.2022 ж. "Беняш орталау мектебі" КММ Мағжан Жұмабаевтің 130 жылдығына орай "Оқу мектебі - Оқитын ұлт жобасына сәйкес, «Сүйікті өлке туралы - бәрін кітаптан біліп ал» атты кітап көрмесі өткізілді.
2022 жылғы Балалар жылы аясында Беняш орталау мектебінде оқушылар арасында "Туған жерім Қазақстаным" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жоғары сынып, бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген сурет көрмесінде оқушыларымыз өздерінің талантты болашағынан зор үміт күттіретін жастар екенін көрсете білді.
2022 жылғы "Балалар жылы" аясында Беняш орталау мектебінің жоғары 5-9 сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Эстафетада мектеп оқушылары әр түрлі жарыс түрінен өткізді. "Спорт денсаулық кепілі"демекші алдағы уақытта да осындай эстафеталық жарыстар өткізіліп тұратын болады.
"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" акциясы бойынша 2022 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығындағы "Беняш орталау мектебінің" КММ сынып сағаттарында арнайы презинтация көрсету арқылы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
150800, Республика Казахстан
район Магжана Жумабаева, г.Булаево
улица Мира, 8
+7 (71531) 2-81-89
jumabaevroo2007@rambler.ru
1 УРОК | 8:00 - 8:45 | 14:00 - 14:45 |
2 УРОК | 8:55 - 9:40 | 14:55 - 15:40 |
3 УРОК | 10:00 - 10:45 | 16:00 - 16:45 |
4 УРОК | 11:05 - 11:50 | 16:55 - 17:40 |
5 УРОК | 11:05 - 11:50 | 16:55 - 17:40 |